Placeholder
Новости Казахстана26 июня 2023, 20:00

Жамбыл облысында құтқарушылар 15 адам өрт құрсауынан алып шықты

Жамбыл облысының құтқарушылары Жаңатас қаласындағы көп қабатты үйдегі өрт кезінде 15 адамды құтқарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше оқиға өңірдегі Сарысу ауданының орталығы Жанатас қаласындағы 5-шағын аудандағы көпқабатты тұрғынүйдің 1-ші қабатында өрт шыққан. 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші кезекте өрт сөндірушілер пәтерлерді барлауға және зардап шеккендердің бар-жоғын тексеруге кіріскен. Нәтижесінде 15 тұрғын баспалдақпен құтқарылды, оның 5-уі балалар болып отыр. 

Аталған оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 18:19-да толықтай сөндірілді. Өрт алаңы 10 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

 

 

 

Жамбыл облысы Өрт Құтқарушылар

Новости по теме