Placeholder
Новости Казахстана15 июня 2023, 14:55

Жамбыл облысында екі жылда заңсыз орнатылған ескерткіштер саны онға жуықтады

2020-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысында жаңадан орнатылған 14 ескерткіштің 8-і заңсыз бой орнатылған, деп хабарлайды Arbat.media 

Өңірге қарасты Сарысу ауданында 2020 жылы «Чернобыль құрбандарына», «Ауған соғысы жауынгерлеріне», «Саяси-қуғын сүргін құрбандарына», «Қаратау қыраны», «Тыл ардагерлері», «Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне», «Семей ядролық сынақтарында әскери міндет өтегендерге» ескерткіштері мен стеллалары, «Айтбай Назарбекұлы» бюсті заңсыз орнатылған. Бұдан бөлек биыл Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында да Оңғар Айтқұлұлына заңсыз бюст қойылған. .

Осыған орай, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне жаңадан ескерткіш орнату кезінде аудан әкімдіктері тарапынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» №103 бұйрығымен бекітілген талаптар орындауды, аудан әкімдіктері бөлген жер учаскесін және қаржыландыру мәселесі шешілген жағдайда, ескерткіштің идеялық ұсынысты жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының қолымен ұсынуды тапсырамыз, - деді Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай.

Е.Жүнісбай монументалдық өнер құрылыстарын орнату ережелері бойынша белгілі бір ескерткішті орнату үшін республикалық комиссия тарапынан ол екі кезеңде дәйекті түрде қаралуы керектігін айтып отыр. 

 

 

Жамбыл облысы Заңсыз ескерткіш Мәдениет

Новости по теме