Placeholder
Новости Казахстана28 августа 2023, 18:10

Вакцина алмаған балалар жаппай қызылша жұқтырып жатыр

Түркістан облысында 14 жасқа дейінгі 48 бала қызылша вирусын жұқтырған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Түркістан облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің баспасөз қызметі жеткізді.

Жалпы биыл аталмыш өңірде қызылшаға күдікті 119 дерек тіркелген.

Оның 70-і зертхана тексерісінен кейін дәлелденген. Вирус жұқтырушылар арасында 14 жасқа дейінгі 48 бала бар.

Эпидемиологтар жүргізген талдау нәтижесінде қызылшаға қарсы вакцинадан бас тартқандардың көбі жұқтырған.

Арасында Ордабасы, Сауран, Қазығұрт, Шардара тұрғындары көп.

«Қызылша - көбіне балалар арасында жиі кездесетін, ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция. Күз-көктем мезгілдері - эпидемиялық маусымы саналады. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі - 7-21 күн. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды» делінген Түркістан облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы қызылша вирусы Балалар вакцина

Новости по теме