Placeholder
Фото: видеодан кадр/mangystautv
Новости Казахстана23 сентября 2023, 13:00

Үшемді перзентханадан бір топ әскери шығарып алды

Бір топ әскери қызметші сән-салтанатпен Маңғыстау облысында дүниеге келген үшемді перзентханадан шығарып алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтау қаласының тұрғыны үшінші сәбиіне жүкті болғанда дүниеге үшем әкелетінін білмеген екен. Маңғыстау облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде еңбек ететін майор Ерғали Төреәлі мен жұбайы Динараға  бұл күтпеген қуаныш еді.

11 тамызда дүниеге келген үшемдерге: Айша, Абзал, Ағзам есімі берілді.

Осылайша Ерғали мен 26 жастағы Динара бір күнде көпбалалы отбасыға айналды. Тұңғыштары – Медина үш жаста, екіншісі – Айбар екі жаста.

 

Маңғыстау облысы үшем Перзентхана әскерилер

Новости по теме