Placeholder
Новости Казахстана19 мая 2023, 15:16

 Ұлытау облысында алаяқ келіншек ұсталды

 Ұлытау облысында жұртты қаржылай шығынға ұшыратқан алаяқ келіншек ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Сәтбаев қаласының ПБ кезекші бөліміне әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды шешіп беремін деп 65 мың теңге алған алаяқтық әрекет туралы арыз түскеннен кейін шағымдар легі толастамаған. 

Полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетпен айналысқан 29 жастағы келіншекті ұстады. Күдікті әлеуметтік желі арқылы екінші деңгейлі банктерде бұғатталған есепшоттарды шешіп беремін деген желеумен жарнама беріп, бұл ақпаратқа сенген қала тұрғындарынан ақша алып отырғаны белгілі болды. 

Күдіктінің 29 жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 9 млн теңгеден асып отыр отыр. Қазір ол қылмысын мойындап,  іс сотқа жолданған. 

Ұлытау облысы Алаяқтық Қылмыс

Новости по теме