Placeholder
Новости Казахстана9 февраля 2023, 18:56

Түркия мен Сирияда зілзаладан қайтыс болғандардың саны 15 мың адамға жетті

Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен қайтыс болған адамдардың саны 15 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш күн сайын өсіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Жойқын жер сілкінісінен қайтыс болған адам саны Түркияда 12 391 адам болса, Сирияда бұл көрсеткіш 2 950 құраған. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Сирия мен Түркияда болған зілзала 23 миллион адамға әсер етуі мүмкін екендігін атады. Оның ішінде 1,4 миллион бала бар. 

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияда жойқын жер сілкінісі болды. Табиғат апатынан бірнеше қалада үйлер құлап, өлгендер мен жаралағандар саны күрт өсіп келеді. Аталған оқиға кезінде Қазақстанның 4 азаматы із-түссіз кеткені айтылды. Кеше кешкілік зілзала аумағында жоғалған отандасымыз Сәбина Мамадиярова үйінді астынан аман табылды. Сонымен бірге, екі қазақстандық азаматтың үйінді астында қалғанын жақындары анықтап, тапты. Олар үйінді тазарту үшін көтергіш кран керектігін айтқан. 

Апаттан кейін Түркияға әлемнің алпыстан астам елінен құтқарушылар келді. Қазақстаннан президент тапсырмасы бойынша 100 құтқарушы екі лекпен аттанып, апаттан құлаған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. 

түркия Зілзала Сирия Апат

Новости по теме