Placeholder
Новости Казахстана6 марта 2023, 22:47

Түркістан облысында жоғалған аңшының денесі табылды

Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

24 ақпанда өңірдегі Бәйдібек ауданының полиция бөліміне аңға шыққан адамның жоғалғаны туралы арыз түскен болатын. 

Іздеу жұмыстарына жүзге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды. Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті дрон пайдаланылды. 10 күннен соң жоғалған адамның денесі су бетінен табылып, жағаға шығарылды, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Қазір аталған жайт бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөліміне қылмыстық кодексінің  001-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Түркістан облысы Аңшы өлім Қоғам

Новости по теме