Новости Казахстана2 октября 2023, 20:00

Трансплантация: Бауырына бүйрегін берді

Шымкентте кезекті бүйрек трансплантациясы сәтті өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шыменттің нөмір бірінші клиникалық ауруханасында дәрігерлер екі кезеңмен ағза ауыстыру отасын іске асырды, - деп жазады ҚазАқпарат. 

Донордан бүйрек алып, кейін ағзаны рецепиентке хирургиялық жолмен салып берді.

Рецепиент 2001 жылғы, сырқатына байланысты 6 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған.

Науқасқа 1996 жылғы туған ағасы бүйрегін берді.

Операция сәтті өтті.

Екеуінің де жағдайы жақсы.

Дәрігерлер ағзасын берген азаматты ауруханадан үйіне шығарды. Мұндай ота бүйрек жетіспеушілігімен есепте тұратын науқастардың сауығып кетуіне зор мүмкіндік береді.

Шымкент бауыр донор трансплантация

Новости по теме