Новости Казахстана29 марта 2023, 15:21

Тоқаев "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайта қалпына келтірді

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылуында "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Сессия барысында мәдениет саласын өркендету жайын тоқталған мемлекет басшысы креативті индустрияға жүйелі қолдау көрсетуді атады.

Мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек. Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр. Бұл құжат еліміздің мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде шешуші рөл атқарады деп сенемін. Шығармашыл зиялы қауым көпшіліктің көңілінен шығатын, мемлекеттің мүддесіне сай келетін туындылар ұсынады деп үміттенемін. Осы ретте, креативті индустрияға жүйелі қолдау көрсету өте маңызды, деді Қ.Тоқаев. 

Сонымен бірге, өнер қайраткерлеріне биылдан бастап "Қазақстанның халық әртісі" атағы қайта берілетінін жеткізді.

Адам капиталын тұрақты дамыту жылдам өзгеріп жатқан қазіргі әлемде табысты ел болудың басты кепілі болады деп санаймын. Біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру арқылы әділетті мемлекеттің және үйлесімді қоғамның негізін қалаймыз. Мен «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Биыл қазан айында – Республика күнінде осы атаққа лайықты мәдениет қайраткерлерінің алғашқы тобы марапатталады, деді мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің алғашқы сессиясында депутаттарға популизмге жол бермеуді айтып, жеке басттың мүддесін жоғары қоймауды ұсынды

депутат Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет Қазақстанның халық әртісі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!