Placeholder
Новости Казахстана29 марта 2023, 14:55

Депутаттар популизмге, жеке бастың мүддесіне жол бермеуі керек - Тоқаев

Парламент Мәжілісінің сегізінші шақырылымында депутаттар алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев популизмге жол жоқ екенін атады, деп хабарлайды Arbat.media.

Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттары бүгін алғашқы сессияға қатысты. Сессия барысында президент депутаттарға жеке мүддені көздеп популизмге бой алдырмауға шақырды. 

Құрметті депутаттар, сіздер әрдайым барлық істің бел ортасында боласыздар. Бірақ мына мәселені баса айтқым келеді: ел мүддесінен жоғары ештеңе жоқ. Сондықтан, популизмге, жеке бастың мүддесін көздеуге жол бермеу керек. Парламент пен мәслихаттар әрдайым бірлесе жұмыс істеуі қажет. Сонда мемлекет саясаты барынша үйлесімді болады. Жергілікті биліктің шамасы келмейтін ауқымды мәселелерге орталық дер кезінде көңіл бөледі, деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы депутаттардың өкілеттігі кеңейгенін, әрі олардың жұмыс істеуі үшін Парламенттің жалпы сессиясына арналған залды пайдалануға беруді ұсынды.

Реформалардан кейін депутаттардың өкілеттігі біршама кеңейді.Қос палатаның жұмысына бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұрын заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенат қабылдайтын.Енді заң қабылдау құзыреті Мәжіліске берілді. Мәжіліс басқа да артықшылыққа ие болды. Сондықтан, осы залды Мәжіліске тұрақты түрде пайдалану үшін беру керек деп ойлаймын. Осылайша, жоғары өкілді орган шын мәнінде ықпалды Парламентке айналды, деді Қ.Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжіліс Қоғам

Новости по теме