Тәжікстан басшысы іссапармен Қазақстанға келеді
25-26 тамыз күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп жеткізеді Arbat Media.
Рахмон Қазақстан президенті Тоқаевтың шақыруымен келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен, 2023 жылдың 25-26 тамызы аралығында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға іссапармен келеді. Іссапар барысында жоғары дәрежелі келіссөздер жүргізіліп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және инвестициялық ынтымақтастықтар мәселесі талқыланатын болады, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Рахмон мен Тоқаев Тәжікстанның Қазақстандағы мәдени күндерінің ашылу салтанатына қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесін тамашалайды.
Қаскелеңде жер үйдің ауласынан тәжікстандық екі азаматтың мәйіті табылды