Placeholder
Новости Казахстана3 июля 2023, 15:54

Қаскелеңде жер үйдің ауласынан тәжікстандық екі азаматтың мәйіті табылды

Алматы облысында жеке үйлердің бірінен пышақ жарақатынан қайтыс болған екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған қайғылы оқиға Қаскелеңде орын алған. Polisia.kz-тің жазуынша, адам өлімі маусым айының соңына таман болған. 

«26 маусым күні сағат 00:50-де Қарасай аудандық полиция бөліміне 1979 жылы туған азамат С.-дан Қаскелең қаласындағы жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаттарымен екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, соталды тергеу басталды», – деп жазды Алматы облысының полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Полицейлер қаза тапқандардың 1989 және 1996 жылы туған Тәжікстан азаматтары екенін анықтады. Қылмыс жасады деген күдікпен сол республиканың 1980 жылы туған азаматы ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мүддесіне байланыс басқа ақпарат әзірге жария етілмейді.

Алматы облысы өлім Тәжікстан

Новости по теме