Placeholder
Фото: Polisia.kz
Новости Казахстана28 сентября 2023, 12:30

Шымкенттік полицейлер көлік ұрлаған адамды қуып жүріп ұстаған

Шымкенттік полицейлердің көлік ұрлаған адамды қуалап жүріп ұстаған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қалыңдығымен кино көруге келген шымкенттіктің Mercedes-Benz Sprinter көлігін мас ер адам айдап кеткен.

Бұл туралы Әл-Фараби ауданының полицейлеріне хабарланған.

Көлік ұрысын ұстауға №766 автоэкипаж бағытталды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары патрульдік полицейлерге ұрланған көліктің қозғалыс бағыты туралы мәлімет беріп отырды.

Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талаптарына бағынбаған ер адам жасырынуға тырысып, қала көшелерімен қашқан. Дегенмен, ол бірнеше минуттан кейін Қаратау ауданындағы көшелердің бірінде ұсталды.

«Медициналық куәландыру қорытындысы ер адамның мас болғанын көрсетті. Осы құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды»,-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазірг әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушілері бөтеннің көлігін заңсыз иемдену жайты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

Шымкент полиция көлік ұрлығы

Новости по теме