Placeholder
Фото: pixabay
Новости Казахстана22 июня 2023, 15:26

Шымкентте басқарма басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Шымкентте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.media
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин бұл туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді. 
 
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп жазды Д.Ерғарин. 
 
 
Шымкент Пара Жемқорлық

Новости по теме