Placeholder
Новости Казахстана27 июня 2023, 15:45

Шымкентте 6 жастағы бала жоғары қабаттан құлап ауыр жағдайға ұшырады

Шымкент қаласында көпқабатты үйдің терезесінен 6 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиға мегаполисте 26 маусым күні сағат 19:00-де Еңбекші ауданындағы Орынбай ақын көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала белгілі болған ақпарат бойынша 3 қабаттан 6 жастағы ер бала терезеден құлаған.  

Ойын баласы қазіргі уақытта ауруханаға ауыр жағдайда ем қабылдап жатыр. 

Осы ретте, төтенше жағдай министрлігі ата-аналарға балаларына сақ болып, терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін қажетті ережелерін қаперде ұстауды ескертеді.

Бұған дейін Түркістан облысында екі бала терезеден құлап, бірі қайтыс болған еді. Сондай-ақ, маусым айының басында Павлодар облысында 4 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болған еді. Кентай қаласында 3 жастағы қыз бала төртінші қабаттан құлап, аман қалды. Бұдан бөлек, ІІМ жыл басынан бері Астанада балалардың терезен құлауының 6 оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді. 

 

Шымкент Құлау Оқыс оқиға

Новости по теме