Placeholder
Новости Казахстана5 июня 2023, 13:59

Шілдеден бастап газ бағасы қымбаттайды

Қазақстанда 1 шілдеден бастап газ бағасы қымбаттайтын болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұндай шешім саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын атады. 

Бұл ретте алдағы 5 жыл ішінде өгілдір отын құны арзандамайтын көрінеді. Тек баға көтеріле береді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, халық үшін бөлшек саудадағы газ бағасы республика бойынша 1 текше метр үшін 1-3 теңгенің аралығында болады.  

Ал еліміздегі ірі коммерциялық тұтынушылар қазір 25 теңгеге алып отырса, енді 1 текше метр үшін 33 теңге төлейтін болады. 

Газ бағасы Қымбатшылық Алмасадам Сәтқалиев

Новости по теме