Новости Казахстана11 апреля 2023, 21:34

Семейлік интернат оқушысы тамақ ішіп отырған жерінде көз жұмды

7 сәуір күні түскі ас кезінде есін жоғалтқан 13 жасар интернат оқушысына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылғанымен, бала жедел жәрдем келгенше көз жұмған, деп хабарлайды Arbat.media.

Медициналық тексерудің қорытындысы: тыныс алу жолдарында тамақ массасы тұрып бітелуіне байланысты механикалық асфиксия болған.

Ол Семей қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында 2016 жылғы 13 қаңтарда "Жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі" диагнозымен тіркелген”,- деді білім басқармасынан.

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

семей Интернат көз жұмды полиция

Новости по теме