Новости Казахстана9 июня 2023, 22:36

Семейде өрт кезінде үш орманшы қайтыс болды

Абай облысындағы ормандағы өрт кезінде үш орманшының қайтыс болғаны анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.

Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылған. 

ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр. Бұған дейні "Семей орманы" резерватының 14 орманшысы байланыстан ажырап қалуына байланысты оларды іздеу жұмыстары басталғаны туралы айтылған еді. 

семей орманы Өрт Орманшы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!