Новости Казахстана9 июня 2023, 21:55

Абай облысындағы өрт кезінде 14 орман қызметкері жоғалып кетті

Абай облысындағы 30 мың гектар аумақты шарпыған өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері байланыстар ажырап қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Ахуалдық орталығының базасында Жедел Республикалық штаб отырысында мәлім болды. 

Отырыс барысында оқиға орнынан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков баяндама жасап, 9 маусым күні сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылғанын атады. 

Сондай-ақ, авиациялық техникамен өртті сөндіру үшін 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылған. 

Қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені белгілі болды. Оларды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Астана қаласы және Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша 133 адам және 48 техника, сондай-ақ 4 тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданып отыр. 

Новости по теме