Новости Казахстана23 сентября 2023, 14:39

Сейшел аралдарына енді визасыз баруға болады

Қазақстандықтар енді Сейшел аралдарына визасыз бара алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сейшел аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойылды.

 Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд екіжақты қатынастарды дамыту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдар бойынша келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сейшел Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Ол әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түріне лері визалық талаптардың күшін жоюды көздейді.

Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Сейшел аралдары визасыз режим келіссөздер

Новости по теме