Новости Казахстана24 апреля 2023, 14:57

Шавкат Рахмоновтың үздік нәтижесін ресейлік спортшы жаңартты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (17-0) мерзімінен бұрын қол жеткізген жеңіс саны бойынша көрсеткішін ресейлік спортшы жаңартты, деп хабарлайды Arbat.media Sports.kz порталына сілтеме жасап. 

Отандасымыз енді UFC шеберлері арасында енді көш бастап тұрған жоқ. Осыған дейін Рахмонов бірінші орында тұрған еді.  Енді оны ресейлік спортшы Сергей Павлович (18-1) басып озды.

Сергей Павлович қатарынан алты мәрте октагонға шығып, алтыншы кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. 

Шавкат Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген еді. 

Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы болашағы зор спортшылардың бірі ретінде есімі бірнеше рет аталды. 

 

Шавкат Рахмонов UFC 285 Жекпе-жек спорт

Новости по теме