Placeholder
Новости Казахстана13 мая 2023, 22:58

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатында топ жарды

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай топ жарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Финалдық сында грузин боксшысы Сахил Аллахвердовиді айқын басымдықпен ұтып, әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Отандасымыз іріктеу кезеңдерінде барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға жетті. Ол өзбек боксшысын жергілікті жанкүйерлер алдында бір рет нокдаунға түсірді. 

Сонымен бірге, 67 келіде шаршы алаңға шыққан тараздық Дулат Бекбауов өзбекстандық спортшыға жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Бұдан бөлек, әлем чемпионатының финалдық кезеңінде тағы үш қазақстандық боксшысы айқасқа шығады. 

ташкент бокс Әлем чемпионаты Санжар Тәшкенбай

Новости по теме