Ресейлік "Газпром" Алмасадам Сәтқалиевтің газ бағасына қатысты пікірін жоққа шығарды
Ресейлік "Газпром" корпорациясы еліміздің Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Қазақстан үшін ресейлік газдың бағасы туралы сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Arbat.media.
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке және республика Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, БАҚ-тың Қазақстан үшін Ресей газының бағасы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазылған корпарацияның хабарламасында.
Бұған дейін БАҚ-та Сатқалиевтің "Газпром" Қазақстанға "Беларуське қарағанда әлдеқайда төмен бағамен газ береді" деген сөздері келтірілген болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в