Placeholder
Новости Казахстана26 мая 2023, 18:51

Қызылорда облысында қарақұйрық аулаған екі адам ұсталды

Қарақұйрықтың ұшасын тасымалдаған екі қызылордалық құрықталды, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Қызылорда облысы ҰҚҚКБ-ның жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ВАЗ автокөлігімен қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғын қолға түсті.  Олар мінген автокөлікті тексеру барысында айғақты зат ретінде 3 қарақұйрықтың ұшасы тәркіленген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабымен "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегідер. 

Қазір осы оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. 

Бұған дейін Қызылорда облысында 26 киік атқан өңір тұрғыны ұсталған еді. Арал аудандық Полиция басқармасы және "Охотзоопром" мекемесілері бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы тұрғынды қолға түсірген. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны 465 киік мүйізіншаруашылық құрылыста жасырғаны анықталды

Қарақұйрық Аң аулау полиция

Новости по теме