Placeholder
Новости Казахстана13 марта 2023, 18:58

Қытай Тайваньмен "бірігу процесін" жалғастырады - Си Цзиньпин

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Тайвань мәселесіне сыртқы күштердің араласуына қарсы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Ел басшысы бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясының жабылу салтанатында ҚХР Тайваньмен қайта қосылу процесін "тұрақты түрде алға жылжытуға" уәде берді.

"Бір қытай" қағидатын берік ұстану және 1992 жылғы консенсусты сақтау, Тайвань бұғазының екі жағалауы арасындағы қатынастардың бейбіт дамуына белсенді ықпал ету, Тайваньның "тәуелсіздігіне" бағытталған сыртқы күштер мен сепаратистік әрекеттердің араласуына үзілді— кесілді қарсы тұру қажет", - деп жазды ТАСС агенттігі ҚХР төрағасының сөзін. 

Бүгінде Қытай Тайваньды өз аумағы деп санайды. 2022 жылдың тамызында АҚШ Конгресінің спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барғаннан кейін аралдағы жағдай ушығып кетті. Қараша айында Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, Тайвань мәселесі ҚХР үшін қызыл сызық екенін ескерткен. ал АҚШ Қытаймен тікелей кикілжің туындатудан барынша аулақ болуға тырысады.  

Қытай Тайвань Азия Си Цзиньпин

Новости по теме