Новости Казахстана27 июня 2023, 19:50

Құрбан айтта Астанада қоғамдық көліктер жұмысы ерте басталады

Астанада Құрбан айт мерекесіне байланысты қоғамдық көлік жұмысын бір сағат ерте бастайды, деп хабарлайды Arbat.media елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ертең елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусым күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05:00-ден бастап қатынай бастамақ. Ал 29 маусымда автобустар әдеттегі қозғалыс кестесі бойынша жүреді. 

Сондай-ақ, Астанада құрбандық шалынатын орындар анықталған болатын. Олар таңғы 8-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.  Оларлың қатарына «Жайлау» базары (Алаш тас жолы, С-313 көшесі), «Шанхай» базары (Алаш тасжолы, 34/6)
«Шопан ата» базары, «Баракат» базары (А-369 көшесі, №10 ғимарат), «Ұлжан» әмбебап базары (Н. Тілендиев көшесі, 24) енген. 

Құрбан айт Қоғамдық көлік автобус

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!