Новости Казахстана2 июня 2023, 17:21

Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс бойынша екі адам сотталды

Өткен жылы Қостанай қаласындағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыс бойынша сот үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылы 3 қыркүйек күні Қостанайдағы "Оружейная палата" қару-жарақ дүкенінде жарылыс болып, бір қабатты ғимарат тұтас өртенген болатын. Тілсіз жау ТҚК, асхананы шарпып, жалпы аумағы 2000 шаршы метр аумаққа тарап, қайғылы оқиғадан төрт адам қайтыс болған еді.

Бұл іс бойынша «Сатурн 2012» ЖШС және «Оружейная палата» дүкенінің басшысы Сергей Бескровный қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауына жол берген басшы айыпты деп танылған олар  5 жылға сотталды.

Өрттен қайтыс болған 4 адамнан бөлек тағы алты адам әртүрлі дәрежеде дене жарақаттарын алды. Одан бөлек азаматтарға 491 миллион 31 мың 129 теңге залал келген. 

Қостанай Қару-жарақ Жарылыс

Новости по теме