Новости Казахстана14 апреля 2023, 19:16

Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады, оның он екі елі ішегі жыртылған

13 сәуір күні Қостанай қаласында жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады, баланың он екі елі ішегі жыртылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Балалар ауруханасының меңгерушісінің айтуынша, бала ауыр жарақат алған, он екі елі ішегі жыртылған.

Бұл – сипаты мен емдеу жағынан ең ауыр жарақаттардың бірі. Сонан соң көпеген асқыну болады. Бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Операция жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақталды. Ем-шара жалғасады. Өз бетінше тыныс алу үшін баланы жасанды желдету аппаратынан шығаруды шешеміз, – деді Балалар ауруханасының меңгерушісі Игорь Белобржицкий.

Қостанай футбол қақпа он екі елі ішегі

Новости по теме