Новости Казахстана2 октября 2023, 13:04

Қостанайда тойдағы төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталды

Қостанайда тойдағы төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды, 

1 қазанға қараған түні полицияға Қостанайдағы мейрамханалардың бірінің маңында төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен.

Полицейлер төбелеске қатысқан алты адамды тің алты полиция басқармасының солтүстік бөліміне жеткізді.

Тергеуде  оқиғаның мән-жайы анықталды.

Үйлену тойынан кейін мейрамханалардың бірінің жанында қонақтар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласып, бір адамды пышақтап кеткен. Жауап алынған 56 жастағы ер адам қасақана пышақ сұққанын мойындаған. 27 жастағы жәбір шеккен азамат пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 

ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және 293-бабының 3-бөлігі, бұзақылық» бабымен бірден екі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Тергеу Қостанай облысы ДП басшылығымен бақылауға алынды.

Қостанай той Төбелес Тергеу

Новости по теме