Placeholder
Новости Казахстана1 июля 2023, 17:15

Қостанайда бір күнде көпқабатты үйден екі сәби құлап өлім аузынан қалды

Қостанайда бір күнде екі сәби ашық тұрған терезеден төменге құлады, деп хабарлайды Arbat.media 

Оқыс оқиғаның бірі кеше сағат 12:30-да бес қабатты үйдің үшінші қабатында болған. Сол кезде бір жасар сәби биіктен құлады. Кейін анықтау кезінде ол ата-ананың қарауынсыз қалғаны белгілі болды. 

Бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді, - деді Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары. 

Сондай-ақ, кеше кешкілік сағат 20:20-да қаланың Орал көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатынан екі жасар сәби құлаған. Балақай бас сүйек-ми жарақатын алып, қазіргі кезде балалар травматологиясында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалады. 

Бұған дейін Пвлодар қаласында үш жастағы сәби терезеден құлаған еді. Сондай-ақ, Түркістан және Жезқазғанда қараусыз қалған балалар терезеден құлаған еді. Олардың бірі ауыр халде ауруханада жатса, екіншісі тіл тартпастан қайтыс болды. Маусымның айының басында Павлодар облысында 4 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болған еді. Кентай қаласында 3 жастағы қыз бала төртінші қабаттан құлап, аман қалды. Бұдан бөлек, ІІМ жыл басынан бері Астанада балалардың терезен құлауының 6 оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді. 

 

Оқыс оқиға өлім Құлау

Новости по теме