Новости Казахстана10 июля 2023, 21:33

ҚМГ "Өзенмұнайгаз»" АҚ-ның жылдық табысына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМГ "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның шикізат сатудан түсетін жыл сайынғы табысы 2 триллион теңгені құрайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media. KMG_Zhanaozen2023 арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде энергия ресурстарының бағасын, ішкі нарыққа жеткізілетін өнім үлесін (жанар-жағармай бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында) және өндіру көлемін қоса алғанда, компанияның жылдық табысы 1 триллион теңгеден аспайды. Мысалы, 2020 жылы мұнай саудасынан 477 млрд теңге қаржы түсті, ал 2022 жылы бұл сома 901 млрд теңгеге жеткен.

Былтыр «Өзенмұнайгаз» АҚ ұңғымаларды бұрғылауға 93 млрд теңге немесе жалпы шығындарының шамамен 10%-ын жұмсады. Ал ұңғымаларды жөндеуге 14 млрд теңге немесе жалпы шығындарының шамамен 1%-ы, сорғы-компрессорлық құбырларды сатып алуға 21 млрд теңге немесе жалпы шығындарының шамамен 2%-ы жұмсалған.

2023 жылғы көрсеткіштер туралы мәліметтерде соңғы 4 айдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 14 млрд теңгены құраған. Бұл нәтижеге қарамастан, ұңғымалар қоры мен арнайы техника паркін, жерасты жабдықтарды жаңартуға бағытталған өзге де инвестициялық шығындарды ескергенде, таза қаржы ағымы минус 40 млрд теңге деңгейінде қалыптасты. Құйылған инвестициялар қайырымын компания болашақта көреді деп күтілуде. Сондай-ақ, қала құраушы негізгі кәсіпорын ретінде «Өзенмұнайгазға» жоғары әлеуметтік жүктеме артылған, компания жыл сайын өңірдегі кәсіпорындарды ғана емес, отандық тауар өндірушілерді де жұмыспен қамтуға айрықша мән береді, - деп жазылған KMG_Zhanaozen2023 арнасы таратқан ақпаратта.

ҚМГ Өзенмұнайгаз

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!