Placeholder
Новости Казахстана3 февраля 2023, 15:20

"ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Грузия вице-премьеріне кеңесші болды

Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия премьер-министрінің орынбасары - экономика және тұрақты даму министрінің кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтында жазылды. 

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болған Жақып Марабаев биылғы 30 қаңтарында халықаралық сарапшы ретінде Грузияда консультациялық қызмет көрсету туралы келісім жасасқан. 

Жақып Марабаев Грузия үкіметіне ұлттық мұнай стратегиясын әзірлеу, осы саладағы ірі инвесторлармен қарым-қатынасты басқару және геологиялық зерттеулерді жаңарту бойынша кеңес бермек. 

Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтында Жақып Марабаевтың тәжірибелі менеджер, Қазақстанның және Еуразиялық аймақтың мұнай-газ саласындағы басшылық лауазымдарда 40 жылдан аса тәжірибесі бар кәсіби маман екені атап көрсетілген.

Жақып Марабаев Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын және Мәскеу мемлекеттік басқару университетінің түлегі. Ол 2019-2022 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. Қаңтар оқиғасынан кейінгі ауыс-түйіс кезінде Марабаев қызметімен қош айтысты. Алайда оның неліктен орнынан кетуінің себебі айтылмады. 

 

Жақып Марабаев Қазмұнайгаз Грузия Кеңесші

Новости по теме