Новости Казахстана28 сентября 2023, 13:50

Қазақстандық суретші Әсемгүл британдық байқауда бірінші орын алды

Қазақстандық суретші Әсемгүл Сүлейменова британдық Golden Time Talent халықаралық байқауында бірінші орын алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әсемгүл «Кескіндеме» номинациясында жеңімпаз атанды. Аталмыш номинацияда 30-дан астам елден 190 адам қатысты.

Байқауда «Ана мен бала» туындысы үздік танылды.

«Байқауларға көп қатыса бермеймін. Шешім кенеттен қабылданды. Жазда көрмем өткенде, авторлық картиналар сериясын салдым. Орталық экспонат «Ана мен бала» картинасы болды. Мен оның адамдарға қатты ұнағанын, жұрт одан көз алмағанын байқадым. Мұндай байқаудың өтіп жатқанын көріп, бірден қатысуға өтінім беруді шештім», - дейді ол. 

 

Golden Time Talent халықаралық байқау Әсемгүл Сүлейменова

Новости по теме