Новости Казахстана12 сентября 2023, 16:12

"Қазақстан жемқор елдер қатарында". СЖҚҚ төрағасының кеңесшісі түсініктеме берді

Жақында америкалық US News журналы сыбайлас жемқорлық аз елдердің рейтингін жарияланып, Қазақстан тізімнің соңында – 87 елдің арасында 75-ші орында болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов аталмыш жаңалыққа Facebook парақшасында пікірін білдірді.

 

Сауалнаманы зерттедім, Сауалнама жемқорлықтың жай-күйін ресми түрде бар рейтинг ретінде ұсынылмаған. Неліктен бұл рейтинг аталған елдердегі сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтайды деген қорытындыға келгенін білмеймін. Ол мемлекеттердің сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесіне негізделмеген және мұндай мақсатты көздемейді. Бір қызығы, бағаланған елдердің тізімінде небірі 87 мемлекет бар. БҰҰ-ға мүше 190-нан астам мемлекет болса да, қалған елдердің бұл тізімнен неліктен шығарылғанын тек сауалнама авторлары ғана біледі.

Сауалнама 10 санат бойынша жүргізілген. Бірақ «туризм», «бизнеске ашықтық», «озық» категориялары түсінікті, ал сыбайлас жемқорлық деңгейін «сексуалды» шкаласы бойынша қалай анықтауға болады? Сауалнама авторларының бағасына қарағанда, біз сексуалды халық емеспіз, бұл шкала бойынша бар болғаны 3,7 пайызға бағаландық.

87 мемлекетті бағалауға небәрі 36 елдің тұрғындары қатысқан. Яғни, респонденттердің арасында 51 елдің азаматы жоқ. Бұл сауалнамаға қатысқандар Қазақстанға мүлдем келмеген болуы мүмкін дегенді білдіреді. Ал баға тек үшінші тұлғалардың сөздерінен немесе ашық дереккөздерден, оның ішінде «Борат» фильмінен алынған ақпарат арқылы берілген.

Рейтинг елдердің сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау үшін емес, елге туристік мақсатта әлеуетті бару немесе мұнда тұру мүмкіндігін бағалау үшін жасалған. Қазіргі кезде бірде-бір рейтинг елдегі сыбайлас жемқорлықтың нақты деңгейін бағаламайды, тек сол немесе басқа адамдар тобының оны қалай қабылдайтыны туралы ақпарат береді.

А.Тілеукенов бірқатар қазақстандық БАҚ-та жарияланған «жемқор елдердің» тізімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды және нақты жағдайды көрсетпейді деп мәлімдеді.

Арман Тілеукенов сыбайлас жемқорлық Қазақстан рейтинг

Новости по теме