Placeholder
Новости Казахстана23 мая 2023, 14:47

Қазақстан хоккейшілері Словениядан басым түсті

Хоккейден әлем чемпионатының соңғы матчында Қазақстан шайба шеберлері Словения құрамасын 4:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан құрамасының құрамында Никита Михайлис 19-минутта есеп ашса, Батырлан Мұратов (40-шы), Евгений Рымарев (52-ші) және Максим Мухаметов (57-ші) мергендік таныта алды. Сондай-ақ, Словениядан Анже Куральт (2-ші және 22-ші) дубль жасап, Ян Дрозг (43-ші) ерекше көзге түсті. 

Екі команда үшін де бұл матчтың турнирлік маңызы болмағанын айта кетуіміз керек. Қазақстан құрамасы элитадағы орнын мерзімінен бұрын сақтап қалса, Словения бірінші дивизион түсіп қалды. 

2023 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан екі рет буллит нәтижесінде жеңіске жеткен еді. Мәселен, Норвегия (4:3) және Словакия (4:3), Словенияны негізгі уақытта жеңді (4:3), сондай-ақ төрт жеңіліске ұшырады – Чехия (1:5), Швейцария (0:5), Канада (1:5) және Латвия (0:7).

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеті ойында жеті ұпай жинап, В тобының турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты. 

Айта кететін тағы бір жайт, Қазақстанның топтағы қорытынды орны әлі нақты емес. Сейсенбіде Норвегия құрамасы біріншіліктегі өзінің қорытынды матчын өткізбек.  Аталған құрама әзірге алты ойында алты ұпай иеленген болатын. 

Хоккей Қазақстан Словения

Новости по теме