Placeholder
Новости Казахстана25 января 2023, 19:44

Қазақша әнге билеген "Канело" жанкүйерлерін күлкіге бөледі

Кәсіпқой бокстан екінші  орта салмақта әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварес "Канело" қазақша әнге жаттығу барысында билеп, жанкүйерлерін таң қалдырды, деп хабарлайды Arbat.media.

Жаттығуда "Меховая 8/1" тобының "Тойға шашу" әніне рингте билеген "Канелоның" әрекетін қазақстандық жанкүйерлер жылы қабылдады. Даңқты боксшымен бірқатар қазақстандық боксшылар бірге болған. Олардың арасында Бек Нұрмағанбет Мексика боксшысына тойдағы бидің қозғалысын көрсетіп тұрғаны анық байқалады. 

Қазақстандық "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы жариялаған бейнежазбада Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Данил Семенов пен Евгений Павловтың Канелоның базасында бірге жаттығып жүргені көруге болады. 

Промоутерлік компанияның хабарлауынша, "Канелоның" қазақстандық боксшылармен біріккен оқу-жаттығу жиыны алғаш рет өтіп отырған жоқ. Бұған дейін мексикалық кәсіпқой боксшы отандастарымызбен бірлесіп, спаррингтік кездесулер өткізген. 

Сауль Алварес "Канело" бұған дейін Геннадий Головкинмен үш рет кездескен болатын. 2017 жылы өткен жекпе-жекте есеп тең аяқталса, 2018 жылы "Канело" жеңіске жетті. Үшінші жекпе-жек 2022 жылы ұйымдастырылып, онда мексикалық спортшы басым түскен еді. 

 

 

Канело бокс АҚШ Қазақша ән

Новости по теме