Placeholder
Новости Казахстана9 марта 2023, 21:38

"Хал үстінде жатқан" Болат Назарбаевтың тойда жүрген сәті жария болды

Өткен жылдың шілде айында көмей ісігіне шалдығып, денсаулығы ауырлаған Болат Назарбаевтың тойдағы бейнежазбасы әлеуметтік желіде жария болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың тұсаукесер тойындағы рәсімды орындаған бейнежазбасы желіні кезіп кетті. Өткен жылдың шілде айында ғана хал үстінде жатыр деген Болат Назарбаевтың қазір денсаулығы өте жақсы екені байқалады. 

Былтыр оның қызы мен кейінгі әйелі сұхбат беріп, Болат Назарбаевтың сөйлеуден қалғанын, күні-түні дәрігердің бақылауында екенін мәлімдеген еді. Сонымен бірге, оның қант диабеті бары да айтылды. 

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаның бірінде Болат Назарбаевтың көп адамның арасында еркін жүргені анық көрінді. Оған баласының тұсауын кестіріп, қошемет көрсетіп жатқаны да байқалады. 

Өткен жылдан бері Болат Назарбаевтың айналасында жүрген бірнеше адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге, ол таяуда ғана Ақтөбедегі спирт зауытына жарты миллиард теңгеге жуық қаржы төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ оған қатысы бар компаниялардың иелігіндегі 300 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Болат Назарбаев той Сырқат Отбасы

Новости по теме