Placeholder
Фото: ашық көздерден
Новости Казахстана19 сентября 2023, 8:40

Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президентін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президентін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекет басшысы Словенияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды келесі жылы елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

– Мен сізді Қазақстанға сапармен келуге ресми түрде шақырамын. Келесі жылы маусым айының ортасында елімізде Астана халықаралық форумы өтеді. Онда саясат және экономика мәселелері талқыланады. Биылғы маусым айында өткен форум өте табысты болды. Өзге мемлекеттердің басшылары, премьер-министрлері, сондай-ақ көптеген трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен бірге Сіз де аталған форумның негізгі спикерлерінің бірі боласыз деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президенті Астана халықаралық форумы шақыру

Новости по теме