Placeholder
Новости Казахстана20 апреля 2023, 16:43

Қарағандыда киберқылмыспен айналысқан бір топ күдікті қолға түсті

Қарағанды облысының полицейлері бірнеше интернет-алаяқтыққа қатысы бар 8 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Arbat.media

Polisia.kz-тің жазуынша,  алаяқтардың құрығына түсіп, алданып қалған тұрғындардың саны азаймай отыр.

Жыл басынан бастап интернет-алаяқтыққа қатысты 508 арыз тіркелді. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерімен жүргізілген арнайы операциялардың нәтижесінде интернет-алаяқтыққа қатысы бар 8 адам анықталып, ұсталды. Мәселен, Осакаров аудандық полиция бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабымен (Алаяқтық) қозғалған 12 қылмыстық іс бар. Күдікті аудан тұрғындарының сеніміне кіріп, оларды алдап, ақпараттық технологиялардың көмегімен тұрғындарға онлайн несие рәсімдеген. Жәбірленушілерге 12 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгісін берді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин. 

Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 9 дерегіне қатысы бар 24 жастағы күдіктіні ұстады. Оның жасаған қылмысының салдарынан жәбірленушілерге 7 миллион теңгеден астам шығын келген. Абай аудандық полиция басқармасына 53 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленушінің телефонына белгісіз біреу банк қызметкерімін деп хабарласып, есеп шотын сақтандырамын деген желеумен алдап, 10 миллион  теңгеден астам ақшасын иемденіп алғаны белгілі болды. 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіріп жатыр. Сондай-ақ Әбіл Әбілдин интернет-алаяқтардың әрекеттерінен хабары бар бірқатар тұрғындардың олармен сөзге келмей, алдауына түспегендерді де атады.  56 жастағы Нұра ауданының тұрғынына банк қызметкеріміз деп белгісіз біреу телефон шалған. Алайда осындай желеумен алаяқтардың жұмыс жасайтынын білген азаматша бірден телефон тұтқасын қойып, олармен байланысын үзген.  

Бұған дейін Түркістан облысында киберқылмысқа қатысы бар 31 алаяқты ұсталған болатын


 

 

Киберқылмыс Қоғам Қарағанды Түркістан

Новости по теме