Placeholder
Новости Казахстана26 июня 2023, 13:03

Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелінің күйеуге тигенін естіген соң көпірден секірмек болды

Қарағандыда қала тұрғындары көпірден секірмек болған ер адамды ажалдан құтқарып қалды, деп хабарлайды  Arbat.media.

25 маусым күні сағат кешкілік сағат 21:30 шамасында белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Ол өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полицияға табыстады. 

Оқыс оқиғадан кейін полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғағанын мәлімдеді.

Ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмысқа шыққанын естіген соң барғанын айтқан.   

Қарағанды суицид Көпір

Новости по теме