Placeholder
polisia.kz
Новости Казахстана14 апреля 2023, 17:35

Қарағанды облысында пәтер тонауға қатысы бар ұрылар ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар қос күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасына 48 жастағы қала тұрғыны шағым білдірген. Жәбірленуші азаматша кешкілік жұмыстан келгенде белгісіз біреу бірінші қабаттағы үйінің терезесінен кіріп, ноутбук пен қуаттау құрылғысын ұрлап кеткені туралы айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрап отыр.  Бұдан бөлек, полицияға 50 жастағы Абай қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленуші арызында белгісіз біреу үйінен екі ноутбук, флэшкарта және ақша ұрлағаны туралы шағымданды. Оған келтірілген шығын көлемі 1,1 млн теңгеге жеткен.

Ұрылар пәтерге пластикалық терезені бұзып кіргені анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 бен 34 жас аралығындағы қос күдікті ұсталды. Олар ұрланған заттарды белгісіз бір азаматқа сатқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қызметкерлерімен тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің Саран және Ақтас қалаларында жасалған екі қылмысқа қатысы бар екені анықтады. Бірінші жағдайда күдіктілер жәбірленушіге 330 мың теңге шығын келтірсе, екінші жағдайда 77 мың теңге шығын келтірген көрінеді. Күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.  

 

Қарағанды Ұры Пәтер тонау Қылмыс

Новости по теме