Placeholder
Новости Казахстана5 января 2023, 21:52

Қаңтардан кейінгі бір жыл: Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алды

5 қаңтарда Алматыдағы Республкиа алаңында қазақстандықтар жиналып, қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаңтар оқиғасына бір жыл толуына орай таңертең Тәуелсіздік монуметіне марқұмдардың туыстары, оқиға куәгерлері мен қала тұрғындары жиналды.  

Қазақстандықтар шам жағып, гүл шоқтарын қойды. Сонымен бірге, қайтыс болғандардың есімі жазылған плакат ұстап тұрды.  

Қаңтар трагедиясының тізімінде 238 адамның есімі жазылған.  

Қала әкімдігінің алдында полиция қызметкерлері алаңды күзетіп тұрды.  

Монумент маңы темір қоршауда қалды.

Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі кезекшілікте тұр 

Қалада таңертеңгі сағат 10 кезінде интернет желісінде ақау байқалды.

 

Былтырғы қаралы оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде де, биыл да күн тұманды болған.  

Ауа-райы дәл осындай болды. Суық және тұманды еді. Өткен жылы әкімдік алдында барлығы жиналып, әкімді күтті. Бірақ әкім алаңға келмеді. Адамдар аш болғандықтан жақын жерде тұратындар палау, шай алып, жиналғандарды тамақтандыра бастады. Содан кейін біз үйге жаяу бардық, автобустар жүрмеді. Біз кеткеннен кейін атыс басталғанын айтты", - деді алматылық Салтанат.

12.30-да имам дұға оқығаннан кейін жиналғандар тарай бастады.

Эксклюзив Алматы Тәуелсіздік Қаңтар оқиғасы

Новости по теме