Placeholder
Новости Казахстана30 января 2023, 13:10

Қаңтар оқиғасы: Назарбаев әулетінің мүшелері Алматыдан қалай қашты?

Қаңтар оқиғасында Назарбаевтың отбасының кейбір мүшелерінің қалай бас сауғалағаны туралы "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабында Жақсыбек Құлекеев көптеген мысалдар келтірді, деп хабарлады Arbat.media.

Автор қаралы оқиға туралы жазған деректі кітабында көптеген жағдайларға жеке-жеке тоқталады. Назарбаев билігі, оның маңайына топтасқандар және отбасы мүшелері туралы ерекше деректерді келтірген.

Қаңтар оқиғасынан аз ғана күн бұрын экс-президент өзінің туған ауылында болған. Ол одан сәл ерте бұрын Германияда ота жасатып келген інісі Болат Назарбаевтың қалын білуге барғаны айтылады. Одан кейін Назарбаев отбасы мүшелерінің кейбір адамдары броньды көлікпен қырғыз шекарасына қарай бет алып, ары қарай Бішкек әуежайы арқылы Біріқкен Араб Әмірлігіне барып бас сауғалаған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Қазақстан халқына ашық үндеу жасап, текетіресті шешудің жолдарын анықтаудың орнына, ел басына қиын-қыстау сәтте үнсіз қалуды үнсіз қалуды жөн көргені белгілі. Оның ең жақын туыстарына келсек, олар өз күзетшілерінің артына тығылып, елден Біріккен Араб Әмірлігіне қашып кеткен, - деп жазды Жақсыбек Құлекеев.

Сонымен бірге ол Назарбаевтың үлкен қызының Жаңа жылды қалай қарсы алғанын айта келе, "думанды шақтан" Дариға Назарбаеваның көп нәрсені аңғармай қалғаны жазылады.

Сонымен бірге, инсайдерлердің айтуынша, біраз басқа да оқиғалар болған. Олар ҚР тұңғыш президентінің үлкен қызының ұмытшақтығы туралы айтты. Қаңтар оқиғасының басында Дариға Назарбаеваның Жаңа жылды қызу тойлауын жалғастырғаны соншалық, оны Алматыдан шұғыл түрде қауіпсіз жерге кету туралы көндірген соң, ол Навои көшесіндегі резиденциядан анасы Сара Назарбаеваны өзімен бірге алып кетуді ұмытып кеткен, - дейді автор кітапта.

Сол сәтте Сара Назарбаеваны үйінен әуежайға жеткізу жауапты адамдар үшін үлкен мәселеге айналса керек.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші әйелі еске түскенде, қалада төңкеріс басталып, эвакуацилауда күрделі мәселелер туындаған. ҚР Мемлекеттік күзеттің қызметкерлері Сара Назарбаеваға броньды машинаның күзетімен төрт көлік жіберуге мәжбүр болған. Тек осылай ғана олар бұрынғы бірінші ханымның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды. Бірақ кортеж Алматы әуежайына жеткенше оны күзетшілер тастап кетіп, наразылық білдірушілер басып алған. Салдарынан броньды көлік «Оңтүстік қақпа» бақылау-өткізу бекеті маңындағы қоршауды тесіп өтуге мәжбүр болды. Осыдан кейін ғана VIP жеке ұшақтың бортына тікелей жеткізілген, деп жазды Ж.Құлекеев.

Ал экс-президенттің көптеген туыстары Қаңтар оқиғасы кезінде тауды паналауларына тура келген. 

Оқи отырыңыздар:

Қаңтар оқиғасы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары мен жақын серіктері де өздерін дұрыс ұстаған жоқ. Мәселен, оның немере інісі Ахметжан Есімов белгілі тұлғалармен бірге Медеу маңындағы биік тау бөгетінен өтіп, "Шымбұлақ" шипажайына жасырынған, - дейді автор.

Қаңтар оқиғасы 2022 жылдың басында орын алып, бүлік кезінде республика бойынша 238 адамның қайтыс болғаны ресми түрде айтылды. Осыдан кейін оны ұйымдастырушылардың бірі ретінде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынды. Ал бүлікке қатысы бар адамдардың арасында "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев те серіктермен бірге Алматыдағы қонақүйлердің бірінен ұсталды.

Ал Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды наурыз айында Алматы әуежайында қолға түсті. Оған мемлекеттік автивтерді иелену бойынша айып тағылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Arbat.media. бұған дейін қаңтар оқиғасы кезінде "Шапырашты операциясы" деген атаумен Назарбаевтың інілері бүлік ұйымдастыру туралы  2022 жылдың қаңтар айының басында тоқтамға келгені туралы жазды. Онда Болат Назарбаев, Самат Әбіш және Қайрат Сатыбалды Назарбаевтың инфаркт алуынан кейін шұғыл түрде осындай шешімге келгені туралы айтылды.

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қаңтар оқиғасы Қайрат Сатыбалды Дариға Назарбаева

Новости по теме