Placeholder
Новости Казахстана23 июня 2023, 16:10

Қамауда отырған Төреғали Төреәлінің концерті өтпейтін болды

Төреғали Төреәлінің шілде айының басында Астанада қоюы тиіс болған концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Елорданың Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің концерті өтпейтінін растап отыр. 

7 шілдеде Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның концерті өтеді деп жоспарланған болатын. Кеше, 22 маусымда концертті ұйымдастырушы концерттің болмайтынын хабарлады. Демек бұл концерт біздің залда өтпейді, - деп пікір білдірді филармонияның баспасөз қызметіндегілер. 

Таяуда есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп, Алматы көшелерінде полициядан қашқан Төреғали Төреәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Ол өзінің өрескел әрекеті үшін көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сонымен бірге, 20 күнге қамауға алынса, кейін оған тағы 3 күн қосылды. 

Әншінің күштік құрылым өкілдерімен ұсталуынан кейін оған әлеуметтік желіде әріптестері қолдау көрсетті. Мәселен, Тоқтар Серіков жазба жариялав, "Еркелігіңді көтеретін елің қалмапты" деген болатын.  

Төреғали Төреәлі концерт Қамау

Новости по теме