Placeholder
Новости Казахстана16 июня 2023, 23:55

"Еркелегіңді көтеретін ел қалмапты". Тоқтар Серіков Төреғали Төреәліге араша түсті

Белгілі эстрада әнші Тоқтар Серіков екі күн бұрын Алматыда есірткіге мас күйде көлікпен полициядан қашқан Төреғали Төреәліні ақтап, жазба жариялады, деп хабарлады Arbat.media.

Әлеуметтік желіде ағынан жарылған әнші тентектік жасаған Төреғали Төреәлінің әректіне қатысты пікір білдірген. Ол бірнеше полиция қызметкерінің әншіні күштеп ұстағанына наразылығын жеткізді. 

Кеше тағы үлкен дау шығып Төреғали бауырымыз шулатты. Мен жақтамаймын бауырымды. Кінәлі етіп тапса заң біледі арғы жағын. Бірақ полиция қызметкерлеріне таң қалдым бір азаматқа бәрі жабылып құдды бір ауыр қылмыскерді ұстағандай белсенді жүр. Тас жолға басын жәншіп тізесімен бар салмағын салып езіп тұтқындап жатыр. Кімді байлап, кімді сабап жатыр өз бауырын. Недеген тас жүрек едіңдер, жігіттер. Ол аздай сырттан бір бауырлар телефондарын жалаңдатып түсіріп үлгеріп жатыр. Масқаралағанға мәз болып жүр жарандар. Малды да олай қорламайды ғой, бауырлар. Оның қасында адасса да адам ғой, басқандай жолы бар шығар. Бүгін инста жаңалығына жарыса салып жатыр бір қазақтың жаншылып езіліп жатқанын. Заң заңымен, бірақ бұлай қорлауға, таптауға болмайды. Өзімізді өзіміз итше таласақ онда құрығанымыз. Бұл бүгігі жасаған ерліктерің шығар, ертең уақыт сағаты келгегде ұялатын боласыңдар. Осы жабылып жүрген азаматтардың бала-шағасы Төреғалидың әнін жатқа айтатына мен сенімдімін. Өкінішті. Төреғали бауырым, еліңе ренжіме. Еркелігіңді көтеретін ел қалмапты .Мықты бол бауырым", - деп жазды әнші желіде

Бұған дейін Алматыда белгілі әншінің мас күйінде полициядан қашқаны туралы бейнежазба жария болған еді. Кейін оны полиция күштеп тұтқынға алды. Сот шешімі бойынша Төреғали Төреәлі жеті жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылып, 20 күнге қамауға алынған болатын

 

Тоқтар Серіков Төреғали Қамау

Новости по теме