Placeholder
Новости Казахстана28 августа 2023, 12:44

Қайрат Нұртастың жүргізушісі әлеужеліні шулатты

Әнші Қайрат Нұртастың көлігі Жамбыл облысы жолында жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Arbat.media.

Көлік жүргізушілері әншінің көлігін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы республикалық күрежолдан байқаған.

Видеодан басып озамын деп, жол ережесін бұзғаны көзге ұрып тұр.

Әлеужелі қолданушылары әншінің әрекетіне наразы.

«Видеодағы көлікті Қайрат Нұртас жүргізген жоқ. Бастығына асыққан әншінің жүргізушісі көлікте болған»,-деді Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Аталмыш оқиға Қордай ауданы Алматы-Ташкент автожолында  25 тамызда болған.

Құқық бұзушылық жасағаны үшін Mercedes-222 көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне жол белгілері талаптарын сақтамау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 350 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

 

 

Қайрат Нұртас Оқыс оқиға Жамбыл облысы полиция департаменті

Новости по теме