Новости Казахстана26 мая 2023, 13:50

Парижде Франция ашық чемпионатының жеребесі тартылды

Парижде 2023 жылғы Ролан Гаррос турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Arbat.medi..

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, еліміздің бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі немесе арнайы шақырту алған теннисшімен ойнайды.

Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған бельгиялық Марина Заневскаямен шеберлік байқасады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бубликтің де Рыбакина сияқты, қарсыласы кейін анықталады.

Негізгі турнирге шығуға әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатовтың мүмкіндігі бар. Ол бүгін іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 165-сатыдағы бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен кездеседі.

Ролан Гаррос Теннис Париж

Новости по теме