Placeholder
Новости Казахстана17 января 2023, 17:08

Мобилизацияға ілінген сарбаздар пойызда наразылық танытып, соғысқа барудан бас тартты

Ресейде мобилизацияға ілініп, Украина аумағында соғысқа пойызбен бара жатқан сарбаздар қарсылық танытып, майданға барудан бас тартты, деп хабарлайды  Arbat.media

Соғысқа бара жатқан сарбаздардың наразылығы туралы ресейлік телеграм-арналардың бірінде айтылды.

Кейін жағдайды тексере келе журналистер төрт вагоннан тұратын пойыз құрамында әскери қызметкерлерді Украинаға соғысқа апарғанын анықтады. Пойызда барлығы 200 сарбаз болған. Нәтижесінде Липецк облысындағы Улусарка станциясында құрам толықтай тоқтатылған Себебі, әскерилер одан әрі жүруден бас тартқан.

Олардың айтуынша, жол бойында олар аязда зорға шыдаған. Соған қарамастан пойызда жылу берілмеген. Сарбаздар әрі қарай жүрмес бұрын жылу қазандығын іске қосу үшін көмір мен су талап еткен.

Сол уақытта сарбаздарды тыныштандыру үшін оқиға орнына полиция шақырылды.

 

Ресей Соғыс Украина Мобилизация

Новости по теме