Placeholder
Фото: ашық көздерден
Новости Казахстана19 сентября 2023, 2:21

Мемлекет басшысы Иран президенті Ибрахим Раисимен кездесті

Мемлекет басшысы Иран президенті Ибрахим Раисимен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Президент Қазақстанның Каспий теңізі аймағындағы стратегиялық серіктесі ретінде Иранмен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға баса мән беретінін айтты.

Келіссөз барысында екі ел басшылары қазақ-иран ынтымақтастығының қазіргі жай-күйін және өзара қатынастарды одан әрі дамыту перспективасын талқылады.

Тараптар көлік, логистика және сауда-саттық салаларындағы ықпалдастықты арттыру үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раиси Иран президенті Кездесу

Новости по теме