Placeholder
Новости Казахстана13 декабря 2022, 21:34

Маңғыстауда ер адам үш баласын өлтіріп сонынан өзі асылып қалды

Маңғыстауда ер адам үш баласын асып тастап, өз-өзіне өзіне қол салды. Қайғылы оқиға 11 желтоқсанда болған, деп хабарлайды arbat.mediа.

38 жастағы ер адамның суицид жасауына отбасында жанжал себеп болған көрінеді. Полицияның дерегі бойынша ерлі-зайыптылар ажырасқалы жатқан.

"11 желтоқсан күні сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздіктерінен асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түсті. Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өздіктерімен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды. Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан", - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған. 1984 жылғы марқұм азаматтың Түркменстан Республикасында туғаны айтылды. Көршілердің бірі үш бала мен әкесінің асылып тұрғанын үйдің терезесінен көрген. Бірден жедел жәрдем мен полиция шақырғанын айтып, куәлік берді. Тексеру кезінде марқұм азаматтың үйдің есігін іштен бекітіп, төргі бөлмеде суицидке барғаны мәлім болды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аrbat.mediа  бұған дейін Ақтөбе облысында ауыл әкімін өлтіріп кеткен оқиға туралы жазды. Кейін белгілі болғандай шаруа қожалығының жетекшісі жанжал кезінде ауыл әкімін бірнеше жерден пышақтап тастағаны анықталды.

Маңғыстау суицид өлім Ажырасу

Новости по теме